Қайтесің мұңайып?

Рамазан Орынбасарұлы, Шадияр Есенәлі, AGUGAI

Өртендің жүрек оттарға.
Қуантар сені бақ бар ма?
Сырыңды ешкім ұққан жоқ
Қараңғы қиын шақтарда.
Жанашыр болар жан-ана
Баласын тастап жатқанда
Адамдыққа қалайша сен сенесің?

Алдайды жылы сөздер де,
Өтірік күлген көздер де.
Өмірдің өзі жалған деп,
Жүрегім сен де өзгерме

Қайтесің мұңайып
Әлсіз адам жылайды
Тек мықтылар шыдайды
Бұл өмір
Сонысымен ұнайды

Жабығып мұңға батқанда,
Махаббат енді тапқанда
Жақын деп жүрген екі адам
Оянса бірге ақ таңда
Солайша достық махаббат
Екеуі бірдей сатқанда
Адалдыққа қалайша сен сенесің?

Curiosidades sobre la música Қайтесің мұңайып? del Jasmin

¿Quién compuso la canción “Қайтесің мұңайып?” de Jasmin?
La canción “Қайтесің мұңайып?” de Jasmin fue compuesta por Рамазан Орынбасарұлы, Шадияр Есенәлі, AGUGAI.

Músicas más populares de Jasmin

Otros artistas de Electro pop