АҚ СҰҢҚАР
Бала кезде бал шақта
Әжем маған ән айтты
Сол бір әнді сан айтты
Ақ сұңқардай әуелеп
Ән сазына қосылып
Жел боп шырқап дала айтты
Сол әнменен ер жеттім
Сапарларға мен кеттім
Әжемменен қоштасып
Ел аралап қиялдап
Қанатымды қаға алмай
Көздің жасын мен төктім
Сол бір ән есте
Ән салған кеште
Сағыныш әні қаламқас
Әжем әні
Өмір өзен ағысы
Толқындатып барады
Әжем әнін еске алдым
Аялаған әжемдей
Сол бір әуен жүректе
Сағындырды туған жер
Сол бір ән есте
Ән салған кеште
Сағыныш әні қаламқас
Әжем әні
Сол бір ән есте
Ән салған кеште
Сағыныш әні қаламқас
Әжем әні
Сол бір ән есте
Ән салған кеште
Сағыныш әні қаламқас
Әжем әні